2012 ж.03 қазандағы N 459 ҚР БҒМ бұйрығы
  • strict warning: Non-static method view::load() should not be called statically in /var/www/vhosts/v-973.webspace/www/aktobecontrol.gov.kz/sites/all/modules/views/views.module on line 1118.
  • strict warning: Declaration of views_handler_field::query() should be compatible with views_handler::query($group_by = false) in /var/www/vhosts/v-973.webspace/www/aktobecontrol.gov.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_field.inc on line 0.
  • strict warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate() should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /var/www/vhosts/v-973.webspace/www/aktobecontrol.gov.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • strict warning: Declaration of views_handler_filter::query() should be compatible with views_handler::query($group_by = false) in /var/www/vhosts/v-973.webspace/www/aktobecontrol.gov.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • strict warning: Declaration of views_plugin_query::options_submit() should be compatible with views_plugin::options_submit($form, &$form_state) in /var/www/vhosts/v-973.webspace/www/aktobecontrol.gov.kz/sites/all/modules/views/plugins/views_plugin_query.inc on line 0.
  • strict warning: Declaration of views_plugin_row::options_validate() should be compatible with views_plugin::options_validate(&$form, &$form_state) in /var/www/vhosts/v-973.webspace/www/aktobecontrol.gov.kz/sites/all/modules/views/plugins/views_plugin_row.inc on line 0.

2012 жылы Қазақстан Республикасының жоғары оқу ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалауды өткізу туралы

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 55- бабына сәйкес білім беру қызметтерін көрсету сапасын бағалау және жоғары оқу ұйымдарында білім алушыларының негізгі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында қарастырылған оқу пәндерін меңгеру деңгейін анықтау мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан  Республикасының  жоғары  білім  беру  ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалау (бұдан әрі - ОЖСБ) 2012 жылғы  13-15 қарашада өткізілсін.
2. Мыналар:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – министрлігі) өкілдерінің тізімі;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес министрлік  программистерінің  тізімі;
3) осы бұйрықтың  3-қосымшасына  сәйкес 2012 жылы ОЖСБ-ны соңғы курс студенттері үшін өткізуге арналған базалық жоғары оқу орындарының (бұдан әрі - ЖОО) тізімі;
4) осы бұйрықтың  4-қосымшасына  сәйкес  2012-2013 оқу жылында соңғы курс студенттерінің деректер базасын қалыптастыру үшін базалық жоғары оқу орындары және оларға бекітілген желілік жоғары оқу орындарының тізімі;
5) осы бұйрықтың  5-қосымшасына  сәйкес 2012 жылы ОЖСБ-ны өткізу үшін базалық ЖОО-ға бөлінген мамандықтар тобының тізімі;
6) 2012 жылы ОЖСБ өткізуге арналған базалық және оларға бекітілген  желілік ЖОО тізімі.
3. Министрлік өкілдері:
1) ОЖСБ - ны ұйымдастыруға және өткізуіне басшылық пен бақылауды жүзеге асырсын;
2) ОЖСБ -ны өткізу тәртібінің сақталуын қамтамасыз етсін;
3) 2012 жылғы 18 қарашаға дейін ОЖСБ - ны өткізу қорытындылары туралы есепті Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетіне (бұдан әрі – Комитет) тапсырсын.
4. «Ұлттық тестілеу орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - ҰТО) (Қ.С. Әбдиев):
1) ОЖСБ рәсімдері бойынша  өкілдер мен программистерге нұсқама берсін;
2) Министрліктің өкілдері мен программистерін ОЖСБ - ны өткізу пункттеріне бөлуді ұйымдастырып, тестілеу пункттері бойынша бөлінген Министрлік өкілдерінің тізімін ағымдағы жылғы 9 қазанға дейін Комитетке бекітуге ұсынсын;
3) Министрлік өкілдері мен программистерін ОЖСБ - ны өткізу пункттеріне жөнелтуді ұйымдастырсын;
4) оларға   іссапар   шығыстарын  033   «Қазақстан   Республикасы азаматтарының қазақ тілін білу деңгейін бағалау және білім сапасын сырттай бағалауды жүргізу» республикалық бюджеттік бағдарламасының шеңберінде төлеуді қамтамасыз етсін;
5) осы  бұйрықта  белгіленген  мерзімде  ОЖСБ  рәсімін  ұйымдық-технологиялық алып жүруді қамтамасыз етсін;
6) ОЖСБ  нәтижелерін өңдеуді  2012 жылғы 1 желтоқсанға дейін аяқтасын, Комитет пен «Білім беру статистикасының және бағалаудың ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - ББСБҰО) ұсынсын.
5. ЖОО-ның ректорлары:
1) ОЖСБ рәсімін өткізу туралы нұсқама алу және ОЖСБ-ны  өткізу  үшін  1 және 2 - қосымшаларда көрсетілген қызметкерлердің ҰТО-ға (Астана қаласы) 2012 жылғы 7  қарашаға келуін;
2) ОЖСБ рәсімін өткізуді ұйымдастыруды (студенттердің деректер қорын қалыптастыру; аудиторлық қорын қалыптастыру; тестілеу қорытындысын өңдейтін техникамен қамтамасыз ету; студенттерді аудиторияға кіргізуді ұйымдастыру; аудиторияларда тестілеу өткізуді ұйымдастыру үшін кезекшілерді ұсыну) қамтамасыз етсін.
6. ББСБҰО (А.Ж. Құлтуманова)  жоғары білім беру ұйымдарындағы ОЖСБ қорытындысының талдауын Комитетке 2012 жылғы 28 желтоқсанға дейін ұсынсын.
7. Облыстардың,  Астана  және  Алматы  қалаларының  білім  саласындағы бақылау департаменттері ЖОО-да ОЖСБ-ның сапалы өткізілуін қадағаласын.
8. Осы     бұйрықтың     орындалуын     бақылау     Комитет    төрағасы   С.Ә. Ырсалиевке жүктелсін.
9. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

2012-2014 ж. © Ақтөбе облысының білім саласындағы бақылау департаменті
.